«Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММ

Бүгін, 10.01.2020 жылы, «Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММ-нде  қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға, әлемге қазақ атын танытқан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абайтану» кабинеті ашылды.  Басты мақсаты - жас буынды Абай шығармашылығымен нәрлендіру; ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдылар үгітінен аман сақтау үшін Абай сөздері арқылы үнемі нәрлендіріп отыру. Ашылу салтанатына  мектебіміздің ардагер ұстаздары, аудандық  редакция қызметкерлері мен білім бөлімінің әдіскері қатысты. Оқушылар дайындаған әдеби-сазды қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Ардагер ұстаз Емелбаева К.Д.,Бейсенова М.Ж. мен Жорабаева Ғ.Б. жүрекжарды тілектерін айтты. Абай әлеміне саяхат ұйымдастырылып, мұнда ақын өнерін, тілді құрметтеуге арналған шараға қадірменді қонақтар да қатысты. Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.

            Келесі кезекте осы жиынға орай мектебіміздегі «Абайтану» кабинетінің ресми ашылу салтанаты болып, лентаны  аудандық «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі Оспанов А.З. мен  аудандық білім бөлімінің әдіскері Жакашева Г.Б. қиды.