Робототехникадан аудандық чемпионат

Робототехникадан аудандық чемпионат

 

Бүгін, 2020 жылдың 27 қаңтарында, «Skills for geeks» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі басталды. Эстафетаны бірінші болып Үржар ауданы алды.

І.Жансүгіров атындағы орта мектептің базасында өткен облыстық чемпионатқа қатысу мүмкіндігі үшін 27 жалпы білім беретін мектептің 178 оқушысы бақ сынады. Чемпионат спорттық робототехника бойынша «Сызық бойымен», «Сумо», «Кегельринг», «Кегельринг квадро», «Жаяу жүретін роботтар сумосы» және «Танк биатлоны», сонымен қатар «3D модельдеу» және «Бағдарламалау» және «Arduino микроконтроллерінде құрылғыларды бағдарламалау» бағыттары бойынша өтті.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары облыстық IT фестиваліне іріктеу үшін 21 жобаны ұсынды. Аудандық кезең жеңімпаздары осы жылдың сәуір айында өтетін облыстық чемпионатқа қатысады.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!