«Әуезов орта мектебі» КММ

Бір айда екі Гран-При

ІІІ Республикалық «Ұлы даланың ұрпағы» өнер – байқауы 2019 жылдың 1-2 қараша күндері, Орал қаласында өтті. Бұл байқаудың мақсаты – өнерлі балалардың жұлдызын жағу. Осы байқауға «Әуезов орта мектебі» КММ- нен Сәндік өнер «Зергер» номинациясы бойынша Байсан Байбарыс, бейнелеу өнері табиғатты «Акварель бояуымен жазған жұмыстары» бойынша Саламатова Нұрайым. Осы жұмыстар видео-роликтермен байқауға жіберілді. Қазылар алқасының шешімі бойынша сәндік өнерден – Байсан Байбарыс бас жүлде, бейнелеу өнері номинациясы бойынша – Саламатова Нұрайым 1-ші орынмен марапатталды. Байсан Байбарыс «Атадан мұра» қорының байқауларының супер финалына жолдама алды. Жетекші технологи мұғалімі Сарсенов А.Б.

Ал, 2019 жылы 16- қарашада аудандық мәдениет үйінде өткен «Жеті өнер» байқауы «Жастар жылы» аясында «Ұлы даланың жеті қыры», міндеттерге сәйкес ұлы ақын Абайдың 175- жылдығы, Алатаудың шыңы, ән кемеңгері К.Әзірбаевтың 135-жылдығы, қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі – С. Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің 125- жылдығы, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Ә.Қастеевтің 115-жылдығы, қазақ киносының анасы, даңқты актриса Ә.Өмірзақованың 100 –жылдығына орай «Мәңгілік Ел алыптары», Республикалық рухани-патриоттық байқауы өтті. Байқау әр номинациялары бойынша өтті. Соның ішінде, сәндік өнер ағаштан жасалған өткені мен болашағы сый-кәде аталарымыздың бейнесі мен зергерлік саласы бойынша шеберлік жұмыс: сақина, шынжыр, білезіктерді тоқуда өз тәжірибесін көрсетіп, ерекше көзге түскен «Жас зергер» саласы бойынша Байсан Байбарыс Гран-При номинациясын сертификатымен жеңіп алды.

Аталған оқушы 2020 жылы 7-10 мамырда «Жеті өнер» саласы бойынша және 20-23 шілдеде өтетін «Ұлы дала ұрпағы» өнер байқауына супер финалға жолдама алды.